ҚазҰУ саяси білім беруді жетілдіреді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Д. Рай жұмыс сапарымен келді.
Құрметті қонақтар факультет деканы Бекжан Мейірбаевпен және саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Насимовамен кездесті.
Тараптар саяси білім беру, ғылым мен саясаттың өзара іс-қимылы саласындағы бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларды саралады.
Жастарды қолдау, саяси мәдениетті арттыру, әйелдердің саясатқа қатысу деңгейін арттыру, мемлекет пен азаматтық қоғамның қарым-қатынастарына қатысты пікірталас алаңдарын құру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Германия ғалымдарының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Бундестаг депутаттарының ынтымақтастығы шеңберінде бірлескен зерттеу мүмкіндіктері қаралды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі