ТДМ 4. «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты мерекелік кеші

4 желтоқсан, 2023

4 желтоқсан күні «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы 4-курс студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты мерекелік кеш өтті. Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі 
бақытты күн. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт 
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

Жиын тәуелсіздік құрбаны болған Қайрат Рысққұлбеков туралы көрініспен жалғасып, студенттерге магистранттардың қойған сұрақтарына жауап берумен аяқталды. Мерекелік жиынның тәрбиелік мәні жоғары болды. Мерекеклік кешті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Зульбухарова Э.М., Куйкабаева А.А. және кафедраның магистранттары Кулынтаева А.Е., Қырықбай Е.М. ұйымдастырды.