Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шетелдік студенттерге тіл оқыту

3 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS Asia University Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша Азияның үздік 30 жоғары оқу орнының қатарына енді. Еліміздің жетекші университетінің көпвекторлы қызметінің бір аспектісі-әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнату. Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ең танымал бағдарламалар ретінде тілдік бағдарламаларды ерекше атап өтуге болады. Көптеген жылдар бойы Әл-Фараби университетінде  алыс-жақын шетел азаматтары орыс және қазақ тілдерін оқып келеді. Біздің университеттің шетелдік студенттерді тілдік даярлау саласындағы қызметі Тұрақты дамудың 16 мақсатының міндеттеріне толық жауап береді. Басқа елдердің студенттеріне  жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының жоғары білікті мамандары орыс және қазақ тілдерінен сабақ береді. Білім алушылар контингентінің географиясы ауқымды. Мұнда әлем картасы толықтай ұсынылған. Алмасу бағадарламасы бойынша студенттер алматылықтардың отбасыларында тұрады, қазақ халқының және басқа ұлттардың тұрмысын, салт-дәстүрлерін зерттейді. Бұл басқа халықтың мәдениетіне терең еніп, адамдардың қалай өмір сүретінін түсінуге тамаша мүмкіндік беріп отыр.