ТДМ № 8-Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

5 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 5 желтоқсанында заң ғылымдарының кандидаты, кеден ісі, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Г.С.Қалиева Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінде өткен «Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы негізінде бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін дамытудың басым бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Г.С.Қалиева халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысына қатысып, «Мемлекеттік қаржылық бақылау: қазіргі жағдай» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияға жетекші ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында Малайзия, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан өкілдері болды.

Конференция мемлекеттік бақылау жүйесін дамытудың өзекті теориялық және практикалық мәселелерін, сондай-ақ тұрақты дамуға көшу жағдайында аудитті бағалауға арналған.