Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік

5 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 5 желтоқсанда Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының "6В02303 - Шетел филологиясы (батыс тілдері)" мамандығының 1 курс Түрікмен елінен келген шетел студенттері және эдвайзері  М.С. Оңғарбаевамен ТДМ жүзеге асыру аясында Алматыдағы 28 гвардияшы - панфиловшылар саябағында орналасқан Ыкылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайына барды. Студенттерге ТДМ 17: "Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік" мақсатына сәйкес, орнықты дамуға қол жеткізу жөніндегі жұмыс жаһандық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде әріптестік қатынастар орнатпай-ақ мүмкін емес, және  осыған байланысты мәдениеттер диалогын құру этносаралық қатынастарды реттеудегі құрамдас факторлардың бірі болып табылатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жасалды.

Түркіменстаннан келген студенттер қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысты. Мұражай экспозициясына дәстүрлі музыкалық өнердің үздік үлгілері көрсетілді, студенттерге ежелгі заманнан бері Қазақстан мен жалпы Орталық Азия мәдениетінің дамуы туралы түсінік алуға таптырмас мүмкіндік болды.