"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдері" тақырыбындағы дөңгелек үстел
4 желтоқсан 2023 жылы сағат 11:00-де «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің 90 жыл толуына байланысты 90-іс шара» аясында БҰҰ-ның 16 ТДМ "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар" бағдарламасын жүзеге асыру және оған қол жеткізу үшін студенттер арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылатын іс-шаралар"тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинардың мақсаты мақсаты - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа байланысты өтіп жатқан процедуралар мен олардың нәтижелерін студенттер арасында талдау,шығарылып жатқан заңнамалардың шет елдегі заңнамалармен тең деңгейде жұмыс жасайтындығын айқындау. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін қандай іс-шаралар тиімді екендігіне байланысты студенттердің ой-пікірін тұжырымдамалар арқылы талдау. Ғылыми семинарда Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) талқыланды. Спикерлер өз ұстанымдарын айтты, сонымен қатар әртүрлі спикерлерінің көзқарастарын қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты шет ел практикасымен бөлісті. Ғылыми семинар модераторы, «Әділет» клубының жетекшісі, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Атаханова Гульзагира Махатовна, модератор Бисенова М.Қ. ұйымдастыруымен,402,405 және 408 топ студенттері қатысты. Баяндамашылар: Меллат Қаламқас «Effective methods to combat corruption», Мырзатай Аяулым « Коррупция-это болезнь с глубокими корнями», Қуатханова Аружан «Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары», Нысанбаев Тоқтар, Тлеуова Аружан « Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу » тақырыбында өз ойларын ортаға салды.