- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-4: Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
ТДМ-4: Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
2023 жылдың 5 желтоқсанында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.д. Салханова Ж.Х. «Сапалы білім» атты тақырыпта ТДМ-4 аясында іс-шара өтті. Іс-шараға «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. «Жаһандану жағдайындағы Қазақстандағы білім беру жүйесі» тақырыбындағы іс-шара «Педагогикалық салыстырмалы зерттеулер» форматында ұйымдастырылды.
Студенттер шағын топтарға бөлініп, әлемдік кеңістікке қанат жайған білім беру моделі контексі аясында еліміздің білім беру жүйесі туралы презентациялар жасады; аудиовизуалды материалдар, газеттер, кроссвордтар, белгілі тұлғалардың баспа портреттерін дайындады. Топ жетекшісі Мукарам Инабат университет қалашығында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сауалнаманың мақсаты – Қазақстандағы білім беру деңгейіне оқытушылар мен студенттердің берер бағасын анықтап, пікірлерін білу болып табылады. Студент Сәтбай Әмина және оның тобы Еуропа елдеріндегі білім беру жүйесі туралы айтты. Студент Сәтберген Заңғар мен оның тобы Азия елдеріндегі білім беру жүйесі туралы баяндама дайындады. Студент Өтеміс Мөлдір және оның тобы еліміздің білім беру жүйесінің ерекшеліктерін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең танымал түлектері туралы айтты. Студент Нағашалы Әмина тобымен сандық сайыс ойынын өткізді. Талқыланатын тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген Рахымжан Арай жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Жапондық білім беру жүйесі сапалы білім берудің сәтті үлгілерінің бірі ретінде талқыланды. Студент Нарзулаева Рухшона Қазақстан Республикасында азаматтардың сапалы білім алуға мүмкіндігі бар деген тұжырым жасады. Іс-шараның модераторы Салханова Ж.Х. студенттерді «ТДМ-Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламалық құжатымен таныстырып, жаһандану жағдайында бұл бағдарламаның 17 бағытының әрқайсысы біздің елімізде де, жалпы әлемде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.