«Кәсіпкерлік» пәні бойынша пәндік студенттер олимпиадасы өтті

7 желтоқсан, 2023

2023 жылы 07 желтоқсанда Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы «Кәсіпкерлік» пәні бойынша пәндік студенттер олимпиадасын 6B05402-Математика білім беру бағдарламасының студенттері арасында өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттерді  іскерлік дағдыларына үйрете отырып, қоғамымыздың экономикалық  заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту. Олимпиада мақсаты толықтай ТДМ 4 қамтамасыз етеді.  

Олимпиада нәтижелері:

1 орын - «Артур патшасы» командасы -  Досболатова Мая, Калмаханбет Нұрсұлтан, Омарова Айсұлу.

2 орын - «Көзәйнек кигендер» командасы - Исабек Жансая, Досмаханбет Сабина, Әлібеков Ақылбек.

3 орын - «Тесла» командасы - Амангелді Аян, Калелова Нұрсауле, Сергей Ақбаян.

Экономика кафедрасының меңгерушісі Даулиева Галия Рахметовна жүлдегерлерді атаулы диплом мен сыйлықтармен марапаттады.    

Ұйымдастыру комитеті: Даулиева Г.Р., Иляшова Г.К., Андабаева Г.К., Табеев Т.П., Нурманова Б.З.