Студенттердің қысқы сессияға дайындығы

08.12.2023 жылы з.ғ.м., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Мереке А.Қ. заң факультеті студенттеріне ТДМ-4 «Сапалы білім беру» тақырыбының аясында «Студенттердің қысқы сессияға дайындығы» атты тақырыпта вебинар өткізді.
Вебинар барысында, Мереке А.Қ. студенттерге сессиядағы басты тақырыптарыды қозғап, өзінің білімімен және тәжірибесімен бөлісті. 205-топ студенттері қызыға тыңдап, әр түрлі мәселелерді дамыта, сұрақтарын қойып отырды. Бұл мәселе, студенттердің тек сессияға дайындалу қызығушылығын ғана арттырмай, сонымен қоса, олардың білімге деген құштарлығын оята түсті.
Іс-шараның мақсаты: Қазірден бастап жауапкершілікті ала отыра, алдағы білім тексеру тестілеуіне дайындалу. Сол арқылы болашақтағы білімді мамандарды қазіргі кезден дайындау негізінде, білімдерін арттыру.