ТДМ №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»
7 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 7 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында Заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында №16 « Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» ТДМ іске асыру және қол жеткізу шеңберінде Заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., Куаналиева Г.А. жетекшілігімен "Кеден заңнамасының дамуы: мүмкіндіктері мен болашағы" тақырыбында ғылыми вебинар өтті.
Модератор ретінде кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының з.ғ.д., професор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна сөз сөйледі. Бiрінші спикер ретінде кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының 1 курс докторанты - Данияр Ерғалиұлы Жапарқұлов сөз сөйледі. Шақырылған спикер ретінде " KORQAZ LLP " ЖШС кеден басқармасының бастығы - Ким Ольга Николаевна сөз сөйледі.
Онлайн-вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы қалыптасқан сәттен бастап қазіргі заманғы үрдістер мен өзгерістер, кеден заңнаманы білу мен зерделеудің маңыздылығы көрсетілді.