"Тұрақты даму мақсаттары-5 (гендерлік теңдік)" бойынша IEEE «Women in Engineering» атты воркшоп ұйымдастырылды

29 қараша, 2023

Қазақстанның IEEE Women in Engineering Affinity тобының басқару жетекшілері: топ кеңесшісі, Назарбаев Университетінің Доценті Гүлсім Құлшарова, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі  Мадина Мансурова және кафедра меңгерушісінің орынбасары Сарсембаева Талшын 29 қараша күні "Тұрақты даму мақсаттары-5(гендерлік теңдік)" бойынша Қазақстандық инжиниринг саласындағы әйелдер қауымының мәселелері мен болашағы тұрғысында IEEE «Women in Engineering» атты воркшоп ұйымдастырды. 

Бұл Қазақстанның инженерлік саласындағы әйелдердің даму перспективалары мен сын-қатерлерін талқылауға тамаша мүмкіндік болды. STEM-бағыттарда әйелдерді қолдау үшін тәжірибемен, идеяларымен және стратегияларымен бөлісу мақсат еді. Воркшопты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жамила Айтжанова ашып берді. Және Mariza Tsakalerou(Назарбаев Университетінің доценті), Пакизар Шамои(Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры), Зарина Жаппарова(Еуразиялық банк департаментінің директоры), Альмира Кустубаева(Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, биофизика, биомедицина и нейроғылым кафедрасының меңгерушісі) сияқты спикерлеріміз баяндама жасап, тәжірибелерімен алмасты.