Темекі шегудің алдын алу және одан бас тарту бойынша тренинг

8 желтоқсан, 2023

Жыл сайын әлемнің көптеген елдері Халықаралық темекі шегуден бас тарту күнін атап өтеді.  Оны 1977 жылы Американдық Онкология қоғамы құрған.
  Жыл сайын 6 миллион адам, темекінің кесірінен өліп жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай олардың саны жылына 8 миллион адамға жетеді.

  БҰҰ-ның  ТДМ -3 «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына жәрдемдесу» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Таста» темекі шегуден бас тарту орталығымен бірлесіп, негізін қалаушы Абдрахманов Д.С.  және онколог, м.ғ.д. Жұмакаева А.М.мен бірге ҚазҰУ студенттері арасында темекі шегудің алдын алу және одан бас тарту бойынша тренинг өткізілді.  
 Іс-шараның мақсаты – темекіге тәуелділіктің таралуын азайтуға көмектесу, шылым шегумен күресуге тарту, темекі шегудің алдын алу және студенттерге темекінің денсаулыққа зияны туралы ақпараттандыру.

 Өйткені, дені сау және табысты болу сәнге айналды.