«В. ТОМСЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ»

8 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 8 желтоқсаны күні Әл-Фараби кітапханасының 409-залында дат лингвисі, тарихшы, профессор Вильгельм Томсеннің туғанына 181 жыл және көне түркі жазуын алғаш оқығанына 130 жыл толуына орай А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «В. Томсен және қазіргі түркітану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн/оффлайн конференция өткізілді.

Конференция мына бағыттар бойынша жүргізілді:

• В.Томсен мұрасы және түркілік парадигма;

• Орхон-Енисей ескерткіштері: зерттелуі мен жаңа ғылыми көзқарастар;

• Қазіргі түркітану ғылымы;

• Көне түркі және қазіргі түркі тілдері: бір буынды түбірлердің семантизациясы.