Сапалы білім- ұлт болашағы!

1 желтоқсан, 2023

   1 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің 4 курс, 403 тобының студенттері оқытушы Шортанбай Шоқан ағайдың ұйымдастыруымен “Сапалы білім беру” бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде, Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм сабағынан ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың тақырыбы: “Постмодернистік ойын. Пастиш”.

     Студенттер 3 топқа бөлініп, жеке тапсырмалар орындады. Пастиш әдісінің қазақ әдебиетіндегі шығармалардан қалай көрініс тапқанын талдап мысалдармен көрсете алды. Топтың үздік студенті-Хамидашқызы Серікгүл пастиш үлгісімен өз шығармашылығынан өлең арнаса, студент Рахымбай Әсел сергіту сәті ретінде ойын ұйымдастырды. Соңғы қызықты тапсырмалардың бірі-пастиш үлгісін пайдаланып әр топ өлең шығарды. Ашық сабақ топ студенттеріне ұнады және тың дүниелермен таныса алды.