1 желтоқсан күні сағат 14:00 де ТДМ-1, ТДМ-4, ТДМ-5 тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында Бағдарламалық қамтамасыз ету-110 тобының білім алушылары топ кураторы Н.Б. Денгельбаеваның жетекшілігімен Зағип және көздері нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханадағы оқырмандардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Оқырман қауымның көпшілігі кітапхана қызметкерлері. Көздері нашар және мүлде көрмейтін қызметкерлер арасында түрлі қызметтегі «информатик», «бағдарламашы-техник», «дыбыс режиссері», «әнші, «ақын» т.б. қырынан танылған маман иелері бар. Кітапхана қызметкерінің бірі аудио кітаптарды тыңдап, оны зағип жандар оқи алатын брайль түріне айналдырып, барынша ыңғайлы жағдай жасап отыратыны туралы айтты. Баспадан шығарылған кітаптарды арнайы брайль түріне көшіретін сканер құрылғыларының қызметімен таныстырды. Болашақ бағдарламашылар кітапханадағы техника құралдарына қызығушылық танытты. Бөлім қызметкерлері өмірде көз жанарынан айырылған әрбір жанға психологиялық қолдау көрсетіп, өмірдегі жолдарын табуға көмектесіп, демеушілік көрсететіндерін айтты. Кітапханада зағип жандардың сауатын ашуға кез келген жағдайлар жасалынған. Телефон құралдарының зағип жандарға арналған арнайы бағдарламалары бар. Білім алушылар кітапхана бөлімдерін аралап, қызметімен танысып шыққаннан кейін кітапхана жоспары бойынша құрылған “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” халықаралық науқаны бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен “Әйел-Тұлға-Қоғам” тақырыбындағы гендерлік теңдікті, қоғамдағы әйелдің рөлін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараға қатысты. . Іс-шара барысында аталған кітапхананың бұрынғы қызметкері, ардагері қазіргі таңдағы “Жылы ұя” оңалту орталығының педагогі Иминова Мариям Рузахуновна білім алушыларға өмірдегі әйелдердің қарындас, әпке, аналарымызды құрметтеп сыйлау жөнінде тәрбиелік мәні бар дәрісін өткізді.
Болашақ бағдарламашылар зағип қызметкерлердің жұмысына тәнті болып, көзі нашар көретін азаматтардың өмірге деген, білім алуға деген құлшыныстарына тәнті болып, ерекше рухани әсер алды.
Кеш соңында білім алушылар арасынан Абылхан Алихан “Төремұрат”, “Жолаушы” күйлерін домбырада орындап, қатысқан білім алушылар атынан зағип жанды қызметкерлерге зор ықыластарын білдірді.