" Жылу қозғалтқыштарының маңызы және қоршаған ортаны қорғау"

3 желтоқсан, 2023

2023-2024 оқу жылында " Бағдарламамен қамтамасыз ету", "Ақпараттық жүйелер", Құқықтану" мамандықтарының 1 курс білім алушылары үшін " Климаттың өзгерісімен күресу" тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша " Жылу қозғалтқыштарының маңызы және қоршаған ортаны қорғау" тақырыбы бойынша іс-шара өтті. Іс-шара дебат түрінде өтілді. Пікір таласқа түскен жақтаушы топ қазіргі таңдағы жылу қозғалтқыштарының жетілдірілген түрлерімен, жұмыс істеу принципімен, халық шаруашылығында қолданылатындығын, экономиканың дамуына ықпал ететіндігін, адам еңбегін жеңілдететіндігін, бір жерден екінші жерге тез жететіндігін дәйек көздерін келтіре отырып, пікірлерін ортаға салды. Қарсы топ жылу қозғалтқыштарынан туындайтын экологиялық мәселелер, оттегінің ауадағы мөлшері жылдан жылға азайып келе жатқандығын, биосфераны ластап, атмосферадағы жылу балансының бұзылғандығын, онымен ауаның температурасы артып, мәңгі мұздардың еріп, жер бетін топан су алу қаупін туғызатындығын дәйек көздерін келтіре отырып, пікірлерін ортаға салды. Жер бетіндегі өмір әрбір адамнан өз ісіне қарай үлкен жауапкершілікпен қарауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, оны қорғауды талап ете отырып, өз ұсыныстарын айтты. Мәселені шешу жолдарында ортақ шешімге келді: басқа отын түрлерін ойлап табу, қозғалтқыштың басқа түрлерін жетілдіру, сүзгі фильтрлер орнату, жасыл ағаштар отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазарту. Пікір талас екі жақтың да зерттеу жұмыстарын ауаны ластамайтын, пайдалы әрекет коэффициенті жоғары, энергияны үнемдеп пайдаланатын қозғалтқыштар мен қондырғылар шығаруға бағыттау керек екеніне тоғысты.