11 желтоқсан 2023 жылы ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл-қуат» шеңберінде, әл-Фараби ат.ҚазҰУ «Салауатты өмір салты» жобасы шеңберінде, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының іс-шаралары шеңберінде, «О, спорт, Сен – әлем» циклінде кафедра оқытушылары Г.Н.Мухамадиева және Қ.Т.Тағайбек бильярд клубында 3 курс студенттері арасында студенттерді салауатты өмір салтына баулу, бос уақытты тиімді пайдалану үшін жолдастық кездесу ұйымдастырды. Студенттерге іс-шара ұнады және олар бильярд ойыны әр іс-әрекет үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға, жағдайды шахматтағыдай бірнеше қадам алға қарай есептеуге, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға үйрететінін білді.
Бұл іс -шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған "90 жыл -90 іс-шара" циклынан.