әл-Фараби музейі

12 желтоқсан, 2023

12 желтоқсан 2023 жылғы  №3 "салауатты өмір салты және салауаттылық" ТДМ шеңберінде кафедра оқытушылары Г. Н.Мұхамадиева және Қ. Тағайбек.Т. мұражайға экскурсия ұйымдастырды.

Әл-Фараби музейі – Қазақ ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің рухани мұраларына арналған. Бұл музей 2013 жылдың 13 сәуір күні университетіміздің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан». Экспозициялық көрсетілімде данышпан мұралары – философиялық трактаттар, фарабитанушылардың құнды зерттеулері, Отырар елді мекенінен табылған тарихи артефактар, деректер, конференция материалдары және әлемнің ең ірі кітапханалары мен музейлерінен әкелінген баға жетпес жәдігерлер қойылған. Музей – жастардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлы бабамыздың мұраларын ұрпақтанұрпаққа сүйіспеншілікпен жеткізуде және насихат жұмыстарын жүргізуде маңызды жұмыстар атқаруда.

Бұл іс -шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған "90 жыл -90 іс-шара" циклынан.