№ 3 ТДМ - Денсаулық пен әл-ауқат
2023 жылдың 9 желтоқсанында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Тасбулатова А.А. (PhD) ТДМ-3 бағыты аясында ғылыми вебинар өткізді. Ғылыми вебинарға Қытай Халық Республикасынан оқып жатқан магистранттар қатысты. ТДМ-3 мақсаты аясында 2030 жылға дейін «барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмірді қамтамасыз ету және әл-ауқатқа жәрдемдесуге» негізгі міндеттердің бірі болып қойылған. Онымен байланысты келесі міндеттер талқыландв: ана өлімінің жаһандық коэффициентін төмендету; жаңа туған нәрестелер мен балалардың алдын алуға болатын өлімін тоқтату; СПИД, туберкулез, безгек және басқа да жұқпалы аурулардың эпидемиясын тоқтатуға; жұқпалы емес аурулардан болатын өлімді азайту; нашақорлықтың алдын алу мен емдеуді жақсарту; жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың санын екі есеге азайту; жыныстық және репродуктивті денсаулық қызметтеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету; жалпы денсаулықты қамтуға қол жеткізу; және қауіпті химиялық заттардың әсерінен және ластанудан болатын өлім-жітім мен аурулардың санын айтарлықтай азайту және т.б.
Ғылыми вебинарға кафедраның басқа да профессорлық оқытушылық құрамы қатысты.