Республикалық семинар – тренинг «Тұрақты дамудың 3-мақсаты:«Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу»

7 желтоқсан, 2023

Ағымдағы жылдың 07 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Гайипова Г.А., Уразгалиева С.А. және  Оразбаева А.С. «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» атты БҰҰ бағдарламасы аясында «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу» тақырыбында ақпараттық технологиялар факультетінің  онлайн  республикалық семинар - тренинг ұйымдастырылды. Семинар  тренингке  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі қатысты.

Мақсаты:

Жастардың  өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысына негізделген, дененің дұрыс дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қимыл-қозғалыс дағдыларын физикалық жетілдіруге ықпал етеді. Қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге және Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді. Тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады. Салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесі мен дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады. Бұл іс-шара өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғауды өзімізден бастау, олардың еңбекке, білімге деген тұрақты ынтасын ояту, халықтар арасындағы достықты нығайту сияқты мақсаттарды көздейді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысқан қонақтарымыздбен бірге берілген тақырып бойынша презентациялар, бейнематериалдар мен сұрақ-жауаптар дайындап, қызықты мәліметтермен бөлісті. ҚазҰУ-дың оқытушылары өз пікірлерін білдіріп, қызықты баяндамалары үшін студенттерге алғыстарын білдірді. Семинар өте қызықты, мазмұнды өтті және әрбір студент бұл кездесуден пайдалы мәліметттер алды. Семинар тренинг онлайн ZOOM платформасында ағылшын тілінде ұйымдастырылды.

 

Төмендегі сілтеме арқылы іс-шараның бейнежазбасын қарап көре аласыз:

 https://drive.google.com/drive/folders/1uwPo26uWJXIdUPh3U1UDgNxVShfGXm14?usp=sharing