Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

13 желтоқсан, 2023

Қазіргі уақыттағы әлемдегі өзекті мәселелерді қамтитын «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасы мен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын ұштастыра отырып, білім мен ғылымға маңыз беру үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш болып табылатындықтан, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты тақырыпта «6B04103  - Экономика» мамандығының 4 курс студенттері  мен «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Иляшова Г.К. 09.12.2023ж   ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің алғы сөзі ретінде жобаның негізгі мақсаты талқыланып, жоба студенттерге тарих, экономика, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология салалары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау екендігі айқындалды. Студенттер өздерінің мамандықтарымен ұштасатын кітаптарды талқылауды жүзеге асырды.  Дөңгелек үстел барысында студенттер Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың «Personal finance» – Жеке қаражат оқулығының кішігірім мазмұныны ашып, әрбір бөлім болашақта қаржылық қиындықтарды болдырмас үшін өмірдің ерте жасында дұрыс жеке қаржылық шешімдер қабылдауға қатысты қысқаша кеңес беретіндігі жайлы айтылғандығы қарастырылды. Куртланд Л. Бове және Джон В. Тиллдің «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабы талданып, коммуникация ұғымының терең мағынасын ашып, кәсібилік элементтерінің тізімдерін талдап шықты. Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция»  деп аталатын кітабы зерттеліп, революцияның салдары және ол көлденең тартатын саяси ұрандардың мазмұны егжей-тегжейлі баяндалды. Майкл Паркиннің «Микроэкономика» және «Макроэкономика» деп аталатын кітаптарын талқылап, курс бағдарламасына сәйкес әрбір студент кітаптың мазмұнымен осы уақытқа дейін танысып шыққан білімдерімен бөлісіп, пікірталас жүргізді.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасы, кафедра меңгерушісінің орынбасары Иляшова Г.К. және «6B04103  - Экономика» мамандығының 4 курс студенттері.