Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Лилль университетінде болды

13 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 24 қарашасы мен 2023 жылдың 2 желтоқсаны аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бір топ ғалымдары э.ғ.к., профессор м.а., Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Бимендиева Л.А., э.ғ.к., профессор м.а., бизнес-технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., э.ғ.к., профессор м.а. Кожамкулова Ж.Т., доктор (PhD), ПКФ бағдарламасының жетекшісі Товма Н.А., аға оқытушы Шуренов Н.Б. QS әлемдік рейтингінде 651 орында тұрған Лилль қаласындағы (Франция) Университет де Лилль университетінде болды.Сапар BR18574200 «Аумақтық маркетингке негізделген Жаңа Қазақстанды құру жағдайында моноқалаларды жаңғырту» бағдарламасы аясында өтті. Сапар нәтижесінде Лилль университетінің экономика, әлеуметтік ғылымдар және аумақтар факультеті деканының халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Майкл Брей және Лилль университетінің экономика, әлеуметтік ғылымдар және аумақтар факультетінің профессоры Янник Биномен кездесу өтті. Кездесу барысында Франциядағы шағын қалаларды және Қазақстан Республикасындағы моноқалаларды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік шағын қалалардың жұмыс тәжірибесін зерделеу және жүйелеу үшін кітапханада жұмыс істеуге мүмкіндік алды. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»  мен де Лилль университетінің экономика, әлеуметтік ғылымдар және аумақтар факультеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері, сондай-ақ болашақ бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланғаны қызығушылық тудырады.