- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Студенттердің сыни қарым-қатынасын дамыту мақсатында тілді оқытуға медиа сауаттылықты енгізу"
"Студенттердің сыни қарым-қатынасын дамыту мақсатында тілді оқытуға медиа сауаттылықты енгізу"
Токиода өткен білім беру бойынша 15-ші Халықаралық Азия конференциясы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Сингапур, Малайзия, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбританияны қоса алғанда 65 елдің мен практиктерімен өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, бірқатар мастер-класс өткізді. Қазақстан атынан 14 қатысушы, оның ішінде әл-Фараби университетінің үш профессоры қатысты. "Студенттердің сыни қарым-қатынасын дамыту мақсатында тілді оқытуға медиа сауаттылықты енгізу" тақырыбындағы мастер-класс (дәріскерлер Елубаева Перизат және Кудьярова Шолпан) тілді оқытуда медиа сауаттылық модельдерін интеграциялау арқылы студенттердің сыни қарым-қатынасын арттыру тәжірибесіне арналды. Дәріскер Марлан Негизбаева әл-Фараби студенттерінің мысалында жас ұрпақ арасындағы көші-қон және толеранттылық тақырыбын талқылады. Мастер-класстар нәтижелі өтті, бұл шетелдік ғалымдардың ҚазҰУ-дағы оқыту практикасына, әдістері мен технологияларына деген қызығушылығын тудырды.