ТМД 13. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес

5 желтоқсан, 2023

Климаттың өзгеруі – қазірге кезде көп талқыланатын, халықты ойландыратын өзекті тақырыптардың бірі десек қателеспейміз. Климаттың өзгеріске ұшырауы көп адамдарды бейжай қалдырмайтыны анық. Климаттың басқа түрге ауысуы, құбылуы салдарынан су тасқыны, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, ауаның ластануына әкеп соқтырады, соның нәтижесінде, адам денсаулығына үлкен қауіп пен зиян келуі мүмкін. Осынды маңызды тақырыпты 05.12.2023 күні сағат 20:00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің №17 жатақханасында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А. Жапарова «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» атты филология факультетінің студенттерінің арасында «Fighting climate change and stop climate change» атты пікір алмасу, ой бөлісу орын алды. Кездесу барысында студенттер тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтермен танысты. Ұстазбен бірге, студенттер де өз ойларын ортаға салып, көптеген құнды ақпараттарымен бөлісті. Бұл сабақта сұрақ-жауап, пікірталас әдістері қолданылды. Аталмыш тақырып бойынша студенттерге қызықты презентация көрсетілді.