2023 жылдың 6 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 2 және 3 курс студенттері арасындағы онлайн іс-шара “Тәуелсіз Елдің Жастары” тақырыбында өткізілді. Студенттер Желтоқсан оқиғасын талқылап, Алматының орталық алаңына өз сенімін жақтап, ел басына бейтаныс адамның тағайындалуына қарсылық білдіру үшін шыққан қайсар қазақ жастарына ризашылықтары мен құрметтерін білдірді. Жиын барысында өлеңдер оқылып, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміз үшін бірқатар маңызды күндер аталынып, бейнероликтер көрсетілді. Бұл іс-шараға студенттердің белсене қатысуы – олардың Қазақстанның тарихи мұрасына деген құрметі мен мақтанышын көрсетіп, патриоттық атмосфераны туғызды.
Ұйымдасытрушалыр: Бектурова Э., Айтмұханбетова А.