Студенттердің жобалық жұмысы ТДМ зерттеу және жүзеге асыру шеңберінде

14 желтоқсан, 2023

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын барлық елдер бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатын жақсарту және планетамызды қорғауды күшейту үшін жүзеге асыратыны белгілі.

Осыған байланысты ЭжБЖМ Экономика кафедрасының Ph.D, аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы, Ақпарат экономикасы пәнінің шеңберінде 9-шы ТДМ «Тұрақты инфрақұрылымды құру, тұрақты индустрияландыруға жәрдемдесу және инновацияларды ынталандыру" аясында Экономика 3 курс студенттерінің өзіндік жұмыстарын қабылдады. Студенттер "Қазақстанның тұрақты дамуы үшін табысты бизнес-модельдердің негізгі факторларын бағалау" тақырыбында топтық және жеке жобаларды дайындап қорғады. Студенттер өте белсенді қатысты, олар өз креативтілігін, талдау дағдыларын және экономикалық білімін көрсете алды.

9-шы ТДМ сәйкес, шағын және орта кәсіпорындар (бүкіл әлем бойынша шамамен 90%) елді индустрияландыруды дамытудың ең маңызды факторы болып табылады және жаңа жұмыс орындарын ашады (бүкіл әлем бойынша 60% дейін). Оларды дамыту және қолдау үшін сапалы базалық инфрақұрылым, арзан қаржыландыру және сенімді логистика қажет. Осыны мақсат етіп, студенттер еліміздің әртүрлі экономикалық салада ең табысты компаниялардың модельдерін талдап шықты. Олар Kaspi, Magnum, Air Astana, BI Group, Glovo. Осы табысты бизнес модельдердің тәжірибесі Қазақстанда шағын және орта бизнес үшін сапалы іскерлік және инвестициялық ортаны дамытуға, олардың бизнесінің табыстылығын арттыруға жақсы негіз бола алады.