Қарттарым асыл қазынам

23 қараша, 2023

2023 жылдың 23 қарашасында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті түркология және тіл тоериясы кафедрасының ұжымы оқу жылының басында «Тұрақты даму» бағдарламасы аясында “ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ” атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ойдағыдай атқаруда кафедра оқытушысы  П.Т. Медетбекова кураторлық тобы:   «Шетел тілі: екі шет тілі»  мамандығының   3  курс ( 304 ) студенттерімен бір кісідей атсалысып  «Серебряный век» қарттар үйіндегі қарттарға арнап іс- шара ұйымдастырды.

Елуге жуық, түрлі ұлтан  құралған қарттарымызға студенттердің апарған сый-сыяпаты мен өнерлерінен бастап, жеміс жидек, қарттарға қажетті күнделікті қолданатын заттар және ең  бастысы қарым-қатынас орнату, әңгімелесу арқылы өз жылулықтары мен қамқорлықтарын көрсете алуында болды. Бірге ән айтып, би билеп, дастарқан басындағы сырлы әңгіме дүкеннен жастардың да, қарттардың да алары  мен берері  мол,  мағынасы терең кездесу өтті.