Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясындағы тұрақты даму мақсаттары

14 желтоқсан, 2023

28 қарашада «Экономика» кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ТДМ 4, ТДМ 17 шеңберінде «Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясындағы тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар Падуа университетінің профессоры Д.Челетти және SANY компаниялар тобының Қазақстандағы портты тасымалдау бөлімінің басшысы Ши Кайян сияқты шетелдік қонақтар қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасындағы жеке капитал нарығын дамыту мәселелері, экономиканы реттеудің қаржылық құралдары, сондай-ақ жасыл экономика аясында қалдықтарды энергияға айналдыру перспективалары талқыланды.