"ТМД-ң Үздік Студенті" конкурсының нәтижелері

15 желтоқсан, 2023

12.12.2023 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі,  Менеджмент мамандығының 4 курс студенті Болатова Анель Астана каласында Л.Н. Гумилев атындаты ЕҰУ-де ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттердің арасында байланыс орнату мақсатында «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты республикалық форумында  "ТМД-ның Үздік студенті-2023" төсбелгісі мен куәлігіне ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Іс-шара ұйымдастырушылары осы жарысқа ат салысқан ЭБЖМ факультетінің деканы Л.А.Бимендиева, "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі А.Н. Тургинбаева, ғылыми жетекшісі С.И. Тасжаргановті алғыс хаттармен марапаттады.

Декан және кафедра меңгерушісі тарапынан Анельге алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілеп, ғылыми жетекшісі атынан кітап және киноға билет табысталды.

Барлық студенттеріміз биіктен көріне берсін, тек жетістіктер мен сәттілік тілейміз!