“Студенттен көшбасшыға: құнды тәжірибе жинақтау және логистика маманы ретінде қалыптасу” көшбасшылық дәрісі

15 желтоқсан, 2023

14 желтоқсан күні 04 “Сапалы білім” бағытында ТДМ аясында ЭБЖМ «Бизнес технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Starget компаниясының директоры Марат Оспановтың қатысуымен «көшбасшылық дәріс» өтті.Көшбасшылық дәріске «Логистика мамандығының» 4 және 3 курс студенттері қатысты. Марат Оспанов өзінің логистика саласындағы тәжірибелерімен студенттермен бөлісті. «Starget» компаниясының  жетістікке  жету жолын, компания ұсынатын қызметтерін, жеткен жетістіктерін қысқаша презентация түрінде түсіндірді. Студенттердің логистикалық маман ретінде табысты және ықпалды көшбасшы болу үшін дамыту маңызды деп санайтын бірнеше принциптер мен қасиеттер туралы баяндады:

1. Технологияны түсіну: заманауи логистика заманауи технологияларды қолданумен тығыз байланысты. Бұл қойманы басқарудың автоматтандырылған жүйелері, геолокациялық технологиялар, аналитикалық құралдар және т.б. болуы мүмкін. Логистика саласындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу және ақпараттық технологиялар саласындағы дағдыларыңызды үнемі жаңартып отыру маңызды.

2. Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру: логист жеткізушілерден бастап клиенттер мен әріптестерге дейін әртүрлі стейкхолдерлермен тамаша қарым-қатынас жасауы керек. Өз ойларыңызды анық және тиімді жеткізе білу, басқалардың пікірлерін тыңдау және ескеру, сондай-ақ өзара тиімді серіктестік құру – бұл табысты маман үшін маңызды дағдылар.

3. Икемді болу және өзгерістерге бейімделу: Логистика –бұл үнемі өзгеріп отыратын сала. Технология дамуда, клиенттердің қажеттіліктері өзгеруде, заңнама жаңартылуда. Логистикада табысты болу үшін икемді болу және өзгерістерге бейімделуге дайын болу маңызды. Жаңа идеяларға ашық болыңыз және айналаңыздағы әлеммен бірге өзгеруге дайын болыңыз.

Сонымен қатар, лекция барысында студенттерде пайда болған сұрақтарға жауап берді. Өткен лекцияда алған білімдері мен тәжірибелік бөлесу болашақта  студенттерге өз жолында табысқа жетуге көмектеседі үміттеміз.

Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Турлыбекова Н.М., Шарапиева М.Д. Рысбаева Б.Б.