Менің мамандығым - менің саналы таңдауым
13 желтоқсан 2023 жылы «Сапалы білім беру» атты БҰҰ ТДМ 4-тармағын іске асыру барысныда , ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілжен тақырыпқа 500 сөзден астам келемде өз ойын әдеби бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман университет қабырғасында эссе жазуды еркін түрде қалыптасып, құқықтану мамандығы бойынша өз ойын тұжырым жасай алатын тұлға екенін дәлелдеу мақсатында, университет мерейтойы қарсаңында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «90 жыл – 90 іс-шара» мерейтойлық іс-шаралар циклын жүзеге асыру аясында кафедра оқытушылары Құқықтану (7M04217) мамандығының білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс магистранттарының арасында ең үздік эссе: «Менің мамандығым - менің саналы таңдауым» (детектив жанрының менің мамандық таңдауыма әсер етуі) тақырыбында университетаралық байқауының марапаттау салтанаты көрнекті жазушы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы, журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ашылған Кемел Тоқаев аудиториясында өтті
Университетаралық байқауға Қазақстан Республикасы Туран университеті, Қонаев университетінің 1 курс магистранттары қатысты. Ерекше тоқталып, айта кететін мәселе бұл байқаудың ерекшелігі мұнда ҚХР азаматтары яғни, білім алушы магистранттардың белсенділік танытып, жүделі орындарға ие болуында.
Эссе – бұл адамның субъективті пікірі, көзқарасы мен ойы еркін түрде жазылатын әдеби жанрдың бір түрі. Эссенің басқа жанрлардан басты айырмашылығы ой еркіндігі және көлемі жағынан қысқа болып келуі.
Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым-қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Өз ойын жазбаша түрде жеткізу жане өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту мен жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білім таразылай алуға көп септігін тигізеді. Мақсаты: берілген тақырыпқа қатысты мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу арқылы оқырмандарды акпараттандыру. Міндеттері: оқырманға өз ойын дұрыс жеткізе біледі. Оқырманға әсер етеді, оны сендіреді, оның назарын аударады. Оқырманды қызыктырады. Ойды логикалық және дәлелденген баяндау дағдыларын меңгеруді көрсетеді. Әртүрлі талдау әдістерін қолдана білу арқылы магистранттардың алған білімдерін көрсетуге мүмкіндік алуы ТДМ 4 «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға ықпал етеді. Университетаралық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатында магистранттарға арнайы диплом табысталды. Атап айтқанда магистранттар III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі диплом және арнайы оқулықтарға ие болды. Магистранттарды жеңістерімен құттықтаймыз!