№10 ТДМ "Теңсіздікті азайту"

15 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 15 желтоқсанда "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының доценті Джангабулова Арайлым Қуанышбекқызы 3 курс 309 топтың студенттерімен бірге №10 ТДМ "Теңсіздікті азайту" тақырыбында ғылыми – семинар өткізді.  
Ғылыми-семинар барысында маңызды тақырыптар қозғалды, мысалы: әлеуметтік теңсіздік, оның құқықтық мәселелері, психология теңсіздіктің таралуына қалай әсер етеді және осы мәселелерді жою жолдары. 
Ғылыми-семинарды өткізуге Бекқұлов Әмір, Қонақбаева Клара, Әбішев Асқар, Қанатұлы Дәуржан және Букумбай Карина белсенді қатысты.