«Білім беру процесінде БҰҰ ТДМ-ны іске асыру» тақырыбында әдістемелік вебинар

14 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 15.00-де «Білім беру процесінде БҰҰ ТДМ-ны іске асыру» тақырыбында әдістемелік вебинар өткізілді. Ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының оқытушылары: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.К. Мыңбатырова, заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраева, заң ғылымдарының кандидаты А. М. Каратаева, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.Х. Калишева.

Әдістемелік вебинарда БҰҰ ТДМ-нің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының іске асыруы мәселелері, атап айтқанда, интерактивті әдістерді қолдана отырып сабақтар өткізу ерекшелігі және топтарда тұрақты даму мақсаттарын іске асыру тәсілдері, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру әдістерін пайдалана отырып, шетелдік студенттермен ағылшын топтарында сабақтар өткізу ерекшеліктері талқыланды.

Әдістемелік вебинардың нәтижесі бойынша білім беру процесіне БҰҰ ТДМ жүзеге асыруды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.