Бизнестегі цифрландыру және жауапты инвестициялау Қазақстандағы тұрақты даму үрдістері ретінде

15 желтоқсан, 2023

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын барлық елдер бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатын жақсарту және планетамызды қорғауды күшейту үшін жүзеге асыратыны белгілі. Осыған байланысты ЭжБЖМ Экономика кафедрасының PhD, аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы, «Кәсіпкерлік» пәні аясында «Экономика» және «Цифрлық экономика» 1 курс студенттеріне арналған «Бизнестегі цифрландыру және жауапты инвестициялау Қазақстандағы тұрақты даму үрдістері ретінде» тақырыбында «Тұрақты инфрақұрылымды құру, тұрақты индустрияландыруға жәрдемдесу және инновацияларды ынталандыру» ТДМ 9-ға, ТДМ 4 орайластырылған тәжірибеге бағытталған дәріс өткізді. 9-шы ТДМ сәйкес, шағын және орта кәсіпорындар (бүкіл әлем бойынша шамамен 90%) елді индустрияландыруды дамытудың ең маңызды факторы болып табылады және жаңа жұмыс орындарын ашады (бүкіл әлем бойынша 60% дейін). Оларды дамыту және қолдау үшін сапалы базалық инфрақұрылым, арзан қаржыландыру және сенімді логистика қажет. Осы мақсатта дәріскер студенттердің назарын шағын және орта бизнес үшін сапалы іскерлік және инвестициялық ортаны дамыту және олардың елдің түрлі экономикалық салаларындағы табыстылығын арттыру үшін қажетті жағдайларға аударды. Студенттер белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық және экономикалық білімдерін көрсете алды. Дәріс соңында дәріскер мен ҚазҰУ 1997 жылғы әл-Фараби университетінің түлектерінің атынан демеушілік қолдау көрсету мақсатында 5 студент арнайы сертификаттармен марапатталып, 30 000 теңгелік стипендияға ие болды.