Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының жетекші маманы Тен Надежда Васильевна әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің арасында «Ең үздік маман - 2023» байқауына қатысып жеңімпаз атанды. Кафедраның тәжірибелі жетекші маманы ретінде үнемі оқу процестеріне белсене қатысып, жас мамандарды даярлауда теориялық білімді практика барысында ұштастыра білуге мұрындық болатын әрбір пәндердің зертханалық жұмыстарын уақытында дайындап, сауатты, әрі жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етуде тынбай еңбек етуде. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сәйкес зертханалық жұмыстарды заманауи тұрғыда дайындауда кафедраның оқытушы-профессорлар құрамымен ортақ тіл табысып, өз ісінің маманы ретінде ойларымен бөлісіп, бүгінгі жоғары білім саласында тұрған міндеттердің оң бағытта шешілуіне үнемі өз үлесін қосып келеді. Студенттер қауымы мен ұжым арасында ерекше беделге ие және жастардың ақылшы-ұстазы.
Аубакиров Е.А. - кафедра меңгеруішісі