Туберкулез - жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар ауру
Тұрақты даму мақсатының 3.3 міндет (ТДМ 3 Жақсы денсаулық және әл-ауқат): 2030 жылға қарай ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулардың эпидемияларын тоқтату және гепатитпен, су арқылы берілетін аурулармен және басқа да жұқпалы аурулармен күресуді қамтамасыз ету.
Туберкулез халық өлімінің негізгі себептерінің бірі болып қала береді және бүгінде бүкіл әлемде қоғамдық денсаулыққа жаһандық қауіп төндіреді.
Ең осал топқа және эпидемиологиялық процеске тез қатысатындарға жастар жатады. Жоғары сырқаттанушылық туберкулез, оның таралу жолдары және алдын алу мәселелерінде жастардың аз хабардар екендігін көрсетеді.
Осыған байланысты 2023 жылғы 22 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының "7М07201-Мұнай-газ ісі" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Н. Ізбасар және оқытушысы Р. А Искакованың жетекшілігімен өткізген "Темекі шегу мен алкогольдің зияны" атты 4 курс студенттерімен әңгімелесу өзекті болып табылады. Студенттер өздерінің назарына ұсынылған мәселелерді қызу талқылай отырып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз ұстанымдарын белсенді түрде білдірді.
Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының доцентінің м.а.: Искакова Р. А., Наренова С. М.