2023 жылғы 28 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы (доцент м. а. Р. А. Искакова, "8D07101-Mұнай химия" білім беру бағдарламасының докторанты Н. Бузаев) 3 курс студенттері арасында Қазақстан үшін қолданылатын білім беру модельдері туралы пікірталас өткізді. Осы іс-шара аясында маңызды және өзекті тақырып талқыланды: Қазақстандағы білім сапасы финдік және жапондық білім беру модельдерімен салыстырғанда. Финляндия мен Жапония білім берудің әлемдік рейтингтерінде көшбасшы орынға ие, ал Қазақстан білім беру қызметтерінің деңгейі мен сапасын арттыруға ұмтылады. Пікірсайыс барысында студенттер мына сұраққа жауап табуға тырысты: осы білім беру модельдерінің қайсысы Қазақстан мен оның ерекшеліктеріне сәйкес келеді?
Осы іс-шараның қорытындысында Қазақстанның білім беру жүйесі үшін бірде-бір модельді толығымен қолдануға болмайды деген қорытындыға келді. Біздің білім беру және тәрбие жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, финдік және жапондық модельдердің қолайлы жақтарының негізінде өзімізді жетілдіруіміз керек.
Бұл пікірталас тұрақты дамудың төртінші мақсатын іске асыру шеңберінде өткізілді (ТДМ 4 сапалы білім беру)
Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының доцент м.а.: Искакова Р. А., Наренова С. М.