Әлеуметтік және өңірлік теңсіздіктің себептері мен салдары

16 желтоқсан, 2023

13.12.2023 жылы «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Иляшова Г.К. мен «6B04103  - Экономика» мамандығының 4 курс студенттері  «Тұрақты даму мақсаттары» (4ТДМ) жобасы негізінде мақсаттар кешенінің басты мақсаты болып табылатын Әлеуметтік мәселелер қозғалған «Әлеуметтік және өңірлік теңсіздіктің себептері мен салдары» атты тақырыпта ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік көрсеткіштер талданды. Атап айтқанда, ұлттық өнімді бөлу, табыс теңсіздігі, әлеуметтік саясат, кедейшілікпен күресу, жұмыспен қамту саясаты және Қазақстанда орын алып жатқан миграциялық және иммиграциялық мәселелер, сонымен қатар еңбек нарығындағы инвестициялық жобалар тақырыбында студенттер жеке презентация-баяндама әзірлеп, пікірталас жүзеге асырды. Нақты статистикалық деректер беріп, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыру, талдау жұмыстары жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасы, кафедра меңгерушісінің орынбасары Иляшова Г.К. және «6B04103  - Экономика» мамандығының 4 курс студенттері.