Логистика саласындағы мамандармен бизнес-кездесу

19 желтоқсан, 2023

2023 жылғы 7 желтоқсанда сағат 11.00-де 219 кабинетте "Логистикалық компаниялардағы жұмыс ерекшеліктері:практикалық тәжірибе" тақырыбында бизнес-кездесу өтті.Студенттермен логистика саласындағы жұмыс тәжірибесімен спикерлер Жолгелдиева Айнур, логистика бойынша координатор, Nokia Solutions and Networks Kazakhstan компаниясының өкілі, сондай — ақ Сұлтанбек Мадияр, MBA, ҚТЖ ҰК АҚ-көпфункционалды қызмет көрсету орталығы, "Қазақстан темір жолы" АҚ филиалының директоры бөлісті. Кездесу барысында "Логистика" мамандығының студенттеріне халықаралық және ұлттық компаниялардағы логист жұмысының ерекшеліктерін білуге ерекше мүмкіндік берілді. Бизнес-кездесу жанды пікірталас түрінде өтті, оның барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Ұйымдастырушылар: "Бизнес-технологиялар" кафедрасының оқытушылары: Адилова Н.Д., Калмакова Д.Т., Аликбаева А.Б., Кошкина О.В., "Логистика"мамандығының студенттері.