Қазақстандағы «Huawei» компаниясының PR директоры Сахова Айманмен онлайн кездесу

19 желтоқсан, 2023

04 «Сапалы білім» бағыты бойынша ТДМ-н жүзегеасыру мақсатында 01 желтоқсан күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініңстуденттерімен Қазақстандағы «Huawei» компаниясыныңPR директоры Сахова Айманмен онлайн кездесу өтті. Айман «Корпоративтік сектордағы PR, PR-дыңстратегиялық рөлі, жеке бренд» тақырыптарынатоқталып, студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті. Айман маркетинг саласында 10 жылдан астамтәжірибесі бар маман, бірнеше шет тілін меңгерген.

Хедлайнер студенттердің назарын компанияда стратегияларды дұрыс таңдау және қолдану керектігіне аударды. Студенттер өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, кездесу барысында белсенді пікір алмасты. 

Осылайша, мастер-класста студенттер көп тәжірибе жинақтап, осы салада көп жылдар бойы жұмыс істеп, осындай орасан зор нәтижелерге қол жеткізген тәжірибелі маманмен кездесіп, тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл кездесуге «Логистика» және «Маркетинг» мамандықтарынан жалпы саны 144 студент қатысты. Кездесу онлайн форматта өтті.

 

Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., ТурлыбековаН.М., Рысбаева Б.Б.