«Желтоқсан желі» тақырыбындағы кездесудің қорытындысы

19 желтоқсан, 2023

ТМД аясында 2023 жылдың 15 желтоқсанында сағат 12:00-де заң факультетінің 328 аудиториясында «Жетлоксан желі» атты тақырыбында тәуелсіздікті алу жолында адам құқықтарының қаншалықты дәрежеде сақталатындығы, патриоттық тәрбие беру мақсатында жастардың бойында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, елге деген патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында PhD докторы Мырзатаев Нұрмұхамед Даулеткелдіұлы 3 курс студенттерімен бірлесіп семинар ұйымдастырды.

Жастарға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру, Отанға деген сүйіспеншілікке, ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында жанын пида еткен азаматтарды үлгі-өнеге етіп, өз халқының имандылығын, құқығын зерттеп, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу керек.

Тәуелсіздік жолы оңай емес, бұл жолда мыңдаған адамдардың арманы мен тағдыры талқандалды. Біздің еліміз бүгінге дейін осындай қиын да даңқты жолдарды басып өтеді.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Екі жүз жылдай Ресейдің отары болып, жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан тәуелсіз ел болды.

Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның еліне жеріне деген адалдығын насихаттау, мағлұмат беру.