Шыңжаң медицина университетінің делегациясы ҚазҰУ-да

15 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға арнайы іссапармен келген Шыңжаң медицина университетінің бір топ ғалымдары арнайы университет басшылығымен кездесіп, ынтымақтастық бағыттарын талқылады

Қонақтар университеттегі факультеттер мен ғылыми инновациялық ғимараттары мен мәдениет ошақтарын аралап көрді. Өз кезегінде Шыңжаң медицина университетінің ректоры, профессор Хаджи Акбер Айса университет басшылығының қабылдауына, кампус турға алғысын білдірді