№ 8 ТДМ “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу”

20 желтоқсан, 2023

Бүгін 20.12.2023 жылы “кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы Заң факультетінің 4 курс, 404 тобының студенттерімен № 8 ТДМ “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу”  аясында “Еуразиялық экономикалық одақ - инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы” тақырыбында ғылыми - семинар өткізді. Ғылыми - семинар барысында, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бизнесті жүргізу үшін қолайлы және ыңғайлы жағдай жасалынғандығы туралы айтылды. ЕАЭО-та тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы және экономика салаларында үйлестірілген, келісілген және бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. Ғылыми семинарды өткізуге 404 тобының студенттері белсенді қатысты.