- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттары: климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында тәрбие сағаты
«Тұрақты даму мақсаттары: климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында тәрбие сағаты
12.12.2023 жылы Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасынының доценті, п.ғ.к. Қ.Ш.Молдасан, п.ғ.к., доцент А.М.Текесбаеваның жетекшілігімен «7М01802 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары: А.У. Едилбаева және Г.Ж. Мұратованың ұйымдастыруымен «5В010300– Педагогика және психология» мамандығыгың 4-курс студенттеріне «Тұрақты даму мақсаттары: климаттың өзгеруімен күрес» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Білім алушыларда тұрақты даму мақсаттары жөнінде жалпы түсінік қалыптастыру;
- Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерін айқындау;
- Экологиялық құқықтың негізгі көздерін талдау;
- Климаттық өзгерістің басқа жағымсыз салдарын анықтау.
Тәрбие сағатының барысында климаттың өзгерісіне талдау, статистикалық мәліметтермен сараптама жүргізу арқылы экологиялық қордаланған мәселелерге шешім ұсынылды. Қорытындылай келе, "Қазрі мен не өзгерте аламын?" атты 1 айлық челендж мәлімдеп, қатысушыларға гайд таратылады.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылар климаттың өзгерісіне Қазақстанның әр түрлі салаларының қаншалықты дайын екендігі жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, болашақ үшін өз табиғатымызды қорғау маңыздылығын ұғынды. Экологиялық таза өнімдерді қолдануға, су, жылу энергиясын үнемдеуге, қаламызды ластанудан сақтауға шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Жалпылама, табиғаттың бүтіндігін сақтау үшін, адамның, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгертіп, табиғат пен адам арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі экологиялық мәселерге бей-жай қарамай, климатты өз мүмкіндігінше жақсарта білуге үлес қосуы қажет деп есептейміз.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: п.ғ.к,доцент А.М.Текесбаева және п.ғ.к., доцент Қ.Ш.Молдасан. «7М01802 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары: А.У.Едилбаева, Г.Ж.Мұратова.