Экология және қалдықтарды дұрыс сұрыптау
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климаттық самитте қарастылыған мәселелері негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаев тапсырмасымен 20 желтоқсан күні ,сағат 11:35-те ,108 аудиторияда 9-11 сынып оқушыларына “GREENUP “ фондының проект-менеджері,экологист Жанәбіл Жандардың “Экология және қалдықтарды дұрыс сұрыптау” тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін қалыптастыру және кеңейту,қалдықтарды дұрыс сұрыптауға үйрету, экологиялық ақпарат беру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруіне қатысты БҰҰ-ның Дубайдағы конференциясы аясында өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте Қазақстанның болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөніндегі БҰҰ-ның үндеуін қолдайтынын, сондай-ақ Париж келісімін ратификациялаған аймақтағы бірінші ел екенін және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдағанын атап өткен болатын. Президентіміздің айтуынша, Қазақстанның жаңа Экология кодексі ұлттық экономикамыздың әрбір секторында «жасыл» технологияларды кеңінен қолдануға ықпал етеді.