Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы №73 гимназия мектебінде «Менің отаным – Қазақстан» атты патриоттық тәрбие шарасы өтті. Мерекелік шараға шақырылған Желтоқсан көтерілісі ардагерлерінің қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ханшайым Әбдутәліпқызы Қарабаева болды. Кездесу барысында оқушыларға Желтоқсан туралы естелігімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мұғалімддер мен оқушыларға алғыс айтып, желтоқсан куәгерлері-курстастарының әңгімесі енген «Студент шежіресі» атты жинағын мектеп кітапханасына сыйға тарту етті.
Басқа жаңалықтар
26 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024