Гендерлік теңдік (Тұрақты даму мақсаттары, №5) адам құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Дүниежүзі халқының жартысын әйел заты құрағанымен, қоғамда толыққанды тепе-теңдік орнауы үшін алда біраз белесті еңсеруге тура келеді. Өйткені әлі күнге дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін арттыру әлемдік мәселе болып тұр.
13.12. 2023 ж. химия және химиялық технологиялар факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары Искакова Р. А., Смағұлова Н. Т. Және докторант Б. Кенжеевпен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Өткізу барысында гендердің тақырыбы және жынысы, гендерлік теңдік, 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының және отбасылық тұжырымдаманың негізгі қағидалары және міндеттері екендігі айтылып, сонымен қатар айқын мысалдар талқыланды.
Физикалық химия, катализ және мұнай химия кафедрасының оқытушылары Искакова Р. А., Смағулова Н. Т.