Спорт-денсаулық кепілі

20 желтоқсан, 2023

20.12.2023 жылы “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы Қонысбай Бақыткүл Менленқызы Заң факультетінің 4 курс 403 тобының студенттерімен ТДМ 3 мақсаты “Жақсы денсаулық және әл-ауқат” аясында “Спорт-денсаулық кепілі“ тақырыбында спорттық жарыс өткізді. Студенттердің ерік жігерін көтеру, ептілікпен жылдамдығын дамыту мақсатында жарысқа футбол ойыны таңдап алынды. Жарыс барысында студенттерге жеңіске деген ұмтылыс коллективтік әрекетке, өзара көмекке, жолдастық сезімге тәрбиелейтіні жайлы Бақыткүл Менленқызы  өз сөзінде баяндады. Жарыс 2:1 ұпай санымен аяқталып, арнайы марапатталды. 403 топ студенттері жарысқа белсенді қатысты.