- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты дамуға көшу механизмнің бірі: өнімнің қауіпсіздігінің, еңбекті қорғаудың және экожүйені сақтаудың халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады
Тұрақты дамуға көшу механизмнің бірі: өнімнің қауіпсіздігінің, еңбекті қорғаудың және экожүйені сақтаудың халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады
2023 жылдың 13 желтоқсанында «Метрология және стандарттау» пәнінің семинар сабағында «Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды қолдану. Өнім сапасын қамтамасыз ету стандартын талдау» тақырыпты талдау кезінде «Ауыз су. Сапаны бақылауды ұйымдастыру және әдістеріне қойылатын жалпы талаптар», «Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және «Табиғатты қорғау. Гидросфера. Теңіз суларының сапасын бақылау ережелері» ұлттық және мемлекетаралық стандарттар қаралды. Бұл мәселелер тұрақты даму мақсаттарында келесі бағыттар бойынша қарастырылады: ТДМ 11 - Таза су және санитария; ТДМ 4 - Сапалы білім; ТДМ 14 - Теңіз экожүйелерін сақтау. Концепцияның мақсаты өмір сүру сапасын жақсарту және ұзақ мерзімді перспективада елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету негізі ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады. Тұрақты дамуға көшудің маңызды механизмі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнімнің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық стандарттарын сәйкстендіру болып табылады.
Студенттер тақырыпқа сәйкес өнімдерге, жұмыстарға және процестерге қойылатын талаптарды, стандарттар мен нормативтік құжаттар негізінде презентациялар мен бейнематериалдар дайындады. Сабақ барысында отандық және халықаралық стандарттарға талдау жүргізілді.
С.М.Наренова, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцентінің м. а.