Барлығына жан жақты және жалпыға қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқытуды насихаттау

21 желтоқсан, 2023

21.12.2023ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы. М.Н. Умбетов «Барлығына жан жақты және жалпыға қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқытуды насихаттау» БҰҰ-дың  № 4 тұрақты даму мақсаты аясында, 402 академиялық топ студенттерімен семинар өткізді.
Халықаралық және жергілікті еңбек нарықтардың қазіргі заманғы сын-қатерлерін ескере отырып, өмір бойы оқыту одан да өзекті болып отыр.
Ең жылдам дамып келе жатқан дағдыларға сандық дағдылар, сыни ойлау, икемді және жобалық ойлау және «уақытты басқару» жатады. Жаңа дағдыларды оқытуды сарапшылар «онлайн» және «офлайн» форматтарда ұсынады.